RU

Арматурамен ұрған: Түркістан облысында браконьерлер қорықшыларды соққыға жықты

Аңшы аңшылықта77
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында өз қызметін атқарып жүрген су қорықшылары күтпеген жерден соққының астында қалды, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға Шардара ауданында орын алған. Заңсыз балық аулаушылармен күрес кезінде браконьерлер үш қорықшыға тап берген. Аталған оқиға салдарынан қорықшының бірі бас жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды.

Кейін белгілі болғандай, қорықшыларға алты адам жабылған. Арматурамен соққы берген заңсыз балық аулаушылар қашып құтылыпты.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша қазіргі таңда 380-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. 60 келіге жуық заңсыз балық аулап, қашып кеткендерді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Заңсыз балық аулаушылармен күресушілердің сөзінше, мұндай оқыс жағдайлар жиі болып тұрады. Алайда, браконьерлер жиі қашып құтылады екен. Өйткені қорықшылар қайығының күші көп жағдайда оларды қуып жете алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917122-armaturamen-urgan-turkistan-oblysynda-brakonerler-qoryqsylardy-soqqyga-zyqty/