RU

"Өмірі қыл үстінде": Ерлі-зайыптылар ауыр дертке ұшыраған сәбиіне жанұшыра көмек сұрады

Әлихан Камел
Әлихан Камел: жеке мұрағат

Елорданың ең кішкентай тұрғындарының бірі – үш айлық Әлихан Камел дүниеге келе салысымен өмір үшін күресіп жатыр. 2021 жылдың 11 наурызында дүниеге келген сәби 25 күн өткен соң қол-аяғын қимылдата алмай, әлсірей бастаған. Ата-анасы сәбидің бұлай әлсіреуінен секем алып, дереу дәрігерлерге көрсетеді. Бірнеше рет талдау жасаған олар Әлиханға ең ауыр диагноздардың бірін қойған. Бүгінде кішкентай балақайды аман алып қалу үшін 1 миллиард теңге қажет деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлихан Бауыржанұлы толығымен дені сау күйінде өмірге келеді. Алайда, тұңғыш сәбиінің тәтті қылықтарын асыға күткен ата-ана ең ауыр дертке тап болады. Дәрігерлер аяқ-қолынан әл кеткен Әлиханға 1-типті жұлын-бұлшық ет атрофиясы диагнозын қойған.

"Бұл біздің жас отбасымыз үшін де, жақындарымыз үшін де үлкен соққы болды. Себебі, жаңа туған сәбиіміз сирек кездесетін, тұқым қуалайтын дерттердің біріне шалдығып отыр. Әлиханды аман алып қалу үшін AVXS-101 onasemnogene abeparvovec-xioi, Zolgensma препаратын тез арада алу қажет. Алайда, мұндай препарат біздің елде шығарылмайды, мұндай дертке шалдыққан балақайларға да мүлде көмек жоқ. Сенесіз бе, бұл дәрі 1 миллиард теңге тұрады. Отбасымызбен он екі мүшемізді толық сатсақ да, бұл қаржыны толтыра алмаймыз. Сондықтан, қасиетті жұмада халықтан үміт күтіп, көмек сұрауға мәжбүрміз", - дейді Әлиханның әкесі Бауыржан.

Бүгінде Әлихан Камелдің ата-анасы халықтан көмек сұрап, 20 миллион жинаған. Алайда, қалған 980 миллион теңгені толтыру үшін талай есікті қағып, талай қалталы азаматтарға қолқа салып көрген. Өйткені, мұндай үлкен қаражатты ел болып жинаса ғана табуға болады. Бұған жақында халықтан көмек жинап, аталған дәріні салдырған ақсайлық балақай Эмирдің оқиғасы дәлел.

Әлихан Камел
Әлихан Камел: жеке мұрағат

"Мұндай жағдайды ешкімнің де басына тілемейміз. Жақында ақсайлық Эмир бұл дәріні алды. Біздің балапанымызға да осылай көмектессеңіздер деген тілегіміз бар. Түрлі блогерлер мен әншілерге, өнер адамдарына хабарласып, көмек сұрап көрдік. Өкінішке қарай, ешкімнен оң жауап алмадық. Блогерлер желіде жауап та берген жоқ. Egov арқылы Қаржы министрлігімен онлайн тілдесу болуы керек еді, алайда, олардан сол күйі хабар болмады. Еліміздегі барлық министрліктер мен ірі холдингтерге хат жаздым, жауап жоқ. Тек қана Энергетика және Қорғаныс министрлігі қайырылымдылыққа еш қаржы қарастырылмағанын айтты. Мәжіліс депутаты Марат Құсайыновпен Zoom арқылы тілдесіп, бар жағдайымызды айттық. Ол кісіден де жауап күтудеміз. Біздің бар үмітіміз халықта. Баламыздың өмірін аман алып қалуға көмектесіңіздерші", - дейді Әлиханның әкесі.

Аталған препарат Әлихан алты айға толмай тұрып салынуы керек. Бүгінде Әлиханның ата-анасы, туыстары мен еріктілер елден көмек сұрап, жанұшырып жүр.

Әлиханға көмек көрсетем деушілер үшін төмендегі реквизиттерді ұсынамыз:

Kaspi bank АҚ

5169 4971 4636 9610

+7 776 500 06 96 Камила А (Анасы)

980605451449

Ахимова Камила Максутовна

Halyk Bank АҚ

4405 6397 2471 8471

+77765000696 Камила Камел (Анасы)

980605451449

Камел Камила Максутовна

Jysan Bank АҚ

5356 5020 0614 4053

+77765000696 Камила Камел (Анасы)

980605451449

Камел Камила Максутовна

(Ресейге) Альфа-Банк

5559 4941 3084 7832

(Туысымыз)

PAYPAL

@helpalihansma

Beeline:

+7(776) 500-06-96

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917139-ayaq-qoly-istemei-qaldy-elordalyq-us-ailyq-sabidin-ata-anasy-xalyqtan-zanusyra-komek-surady/