RU

Ақтөбеде шекараны заңсыз кесіп өткен ресейлік ұсталды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбеде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен ресейлік азамат ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс аумағында «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Үш күнде көші-қон заңнамасын бұзған 167 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Оның ішінде 95 шетелдік және 72 Қазақстан азаматы бар. Сонымен бірге 14 шетелдік елден шығарылды. Ресей азаматы Қазақстан шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткен.

Бұл Қарғалы ауданында паспорт режимін тексеру кезінде анықталды. 46 жастағы ер адам ұсталды. Яғни, мемлекеттік шекара бекетінен емес, өзге жолмен Қазақстан аумағына кірген.

«Қылмыстық кодекстің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту« бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917141-aqtobede-sekarany-zansyz-kesip-otken-reseilik-ustaldy/