Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда түнде 70-тен астам адам өрт сөндірді (фото, видео)

Опубликовано:

Өрт
Фото: Алматы ТЖД

Алматының Бостандық ауданында өткен түнде өрт шықты. Төтенше жағдай Сәтбаев пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 23:26-да Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері Розыбакиев 95-ке жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде BRASS PUB кафесіне тиесілі бір қабатты ғимараттың ас үйінің (кәуап жасау орны) шатыры өртке оранғаны анықталды.

Өрт
Фото: Алматы ТЖД

Өрт жапсарлас үш қабатты әкімшілік ғимаратының екінші қабатының терезе саңылауларына дейін жеткен деп атап өтті ТЖД.

Өрт
Фото: Алматы ТЖД

Өрт сөндірушілер өртпен дереу күресуге кірісті. Өртпен күресуге арналған үш алаң солтүстік, оңтүстік және батыс жақтан орналастырылды. Газ және түтіннен қорғау қызметінің мамандары адамдардың бар-жоқтығын және өрт көзін анықтау үшін барлау жұмыстарын жүргізді.

Өрт
Фото: Алматы ТЖД

Өрт сағат 00:57-де оқшауланды, өрт сөндірушілер өртті 1 сағат 05 минутта толықтай сөндіре алды.

"Қабылданған шаралардың күшімен үш қабатты әкімшілік ғимараты мен BRASS PUB кафесі өрттен оқшауланды", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Өрт
Фото: Алматы ТЖД

Оқиға орнына 19 техника, 70-тен астам жеке құрам тартылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, деп атап өтті Төтенше жағдайлар департаменті. Өрттің ауданы 260 шаршы метрді құрады.

Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында терек мамығын жағып ойнаған жастар автобус паркін өртеп жібергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1917148-almatyda-tunde-70-ten-astam-adam-ortti-sondirdi-foto-video/

pixel