Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда әйелді орманға апарып зорлады деген күдікпен екі жігіт қамауға алынды

Опубликовано:

зорлық
Көрнекі фото: spoilers.gr

Батыс Қазақстан облысында әйелді орманға апарып зорлады деген күдікпен екі тұрғын ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәліметіне сәйкес, оқиға Оралда саяжайлардың бірінің маңындағы орманда болған.

Кешкі уақытта 1989 жылғы әйелді арақ ішіп отырған екі тұрғынның бірі байқап қалған.

Ол әйелді қуып жетіп, тамағынан ұстап, орманға кіргізіп, зорлаған. Сосын күш көрсетіп, арақ ішкізген. Егер полицияға шағымданатын болса, кек аламыз деп қорқытқан.

Зорлықшылардан қашып құтылған әйел үйіне барғаннан кейін түнгі сағат 01.00-ге таман полицияға жүгінген.

Жедел тергеу тобы оқиға орнына жетіп, іздеу шараларын ұйымдастырғаннан кейін үш сағаттың ішінде күдіктілер қалада қолға түсті. Олар көпқабатты үйдің ауласында арақ ішуін жалғастырған.

"Қазіргі кезде тергеу изоляторында отырған Бөрлі ауданының 1988 жылғы тұрғынына және Орал қаласының 1975 жылғы тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігіне сәйкес (зорлау) тергеу амалдары жүргізілуде. Екеуі де бұрын ұрлық жасап, кісі тонағаны үшін сотталған", - деді Белгібеков.

Еске салсақ, бұған дейін Оралда өгей қызын зорлаған азамат 20 жылға сотталғанын жазған едік. Оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған. 13 жастағы қызды өгей әкесі жалдамалы пәтерге апарып зорлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917155-oralda-aieldi-ormanga-aparyp-zorlady-degen-kudikpen-eki-zigit-qamauga-alyndy/

pixel