RU

Елімізде коронавирустан көз жұмғандарға қатысты мәлімет жария болды

Маска таққан әйел
Көрнекі сурет: pixabay.com

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 11 маусымдағы ақпаратты жария етті. Одан бөлек, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус дертінен көз жұмғандарға қатысты соңғы мәліметтерді назарға ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ұсынған мәліметке сенсек, 11 маусымдағы жағдай бойынша 21 951 адам коронавирус инфекциясынан (20 890 КВИ+ және 1 061 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:

7 368 пациент стационарда;

14 583 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

521 адамның жағдайы ауыр;

111 науқастың жағдайы өте ауыр;

79 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында елімізде коронавирустан көз жұмғандардың санын жария етті. Министрлік ұсынған ақпаратқа сәйкес, 9 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустан 12 адам қайтыс болған.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария еткен еді. Оған сәйкес, Павлодар облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа ауысты.

1 маусымдағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы тұр. "Сары" аймақта Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917193-elimizde-koronavirustan-koz-zumgandarga-qatysty-malimet-zariya-boldy/