Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғымбаев: Пандемия кезінде балаларға қарсы қылмыстар саны өсті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Пандемия кезінде кәмелетке толмаған балаларға қарсы жасалған қылмыстар саны өсті. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда балаларға қарсы қылмыстар саны 30%-ке төмендеген. Бірақ биыл қылмыс саны үштен бірге артты.

"Бұған адамдардың пандемия кезінде ұзақ уақыт үйде оқшаулануы және балалардың мектепке бармай, онлайн сабақ оқуы түрткі болды. Көп жағдайда қылмыстарға отбасылық проблемалар, тұрмыстың төмендігі және ата-аналардың қоғамға жат өмір сүру салты себеп болды", - деді Тұрғымбаев.

Министрдің мәліметінше қылмыстардың жартысына жуығы – 43,5%-і балаларға қарсы жыныстық зорлық-зомбылық. Олардың көбін бұрын полицияның бақылауына ілінбеген жақын адамдары жасаған.

"Көп жағдайда бұл қылмыстар жасырын қалады. Өйткені баланың жақындары мұның жария болғанын қаламайды", - деді ведомство басшысы.

Ол мұндай қылмыстар кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын инспекторлар мен учаскелік полицейлердің балалармен әңгімелесуі және денсаулық сақтау органдарымен өзара іс-қимылы барысында анықталатынын атап өтті.

Бұған халық арасында ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізу, қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеу сезімін қалыптастыру жұмысы сеп болуда. Мәселен, қазір әлеуметтік желілер арқылы түсетін хабарлар саны артты. Тұрғымбаевтың сөзінше, олардың басым бөлігі өткен жылдары жасалған қылмыстар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917210-pandemiya-kezinde-balalarga-qarsy-qylmystar-sany-osti/

pixel