Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде алты ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

Опубликовано:

Бойжеткен
Фото: yk-news.kz

Өскемен қаласының 31 жастағы тұрғыны өлі күйінде табылды. Әйел алты ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Бұл туралы ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ порталы хабарлайды.

31 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны Ольга Пожидаева-Иванова 2020 жылдың 21 қазанында үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен болатын.

2020 жылдың 23 қазанында әйелінің жоғалғандығы туралы шағыммен полицияның кезекші бөліміне Ольганың азаматтық некедегі күйеуі жүгінеді.

Полицейлер іздеу жұмыстарын бастағанымен, әйел алты ай бойы табылмай келген.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, 2021 жылдың 19 сәуірінде жоғалған әйелдің мәйіті табылған. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ дейді департамент өкілдері.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында өлімнің себептерін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді полиция департаменті.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмеді.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Кеңсай саяжайының тұрғындары жоғалып кеткен 42 жастағы ер адамның мәйітін көрші үйдің ауласынан тапқанын жазған едік.

Тұрғындар еріктілермен бірге көмілген мәйіттің бетін ашып, бірден полицияға хабар берген. Алайда, дене ашық күйінде күннің астында алты сағатқа жуық жатып қалған.

KAZ.NUR.KZ тілшісі осы оқиғаға байланысты қалалық полиция департаментіне хабарласып, мән-жайды анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917244-oskemende-alty-ai-buryn-zogalyp-ketken-aieldin-denesi-tabyldy/

pixel