Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО шекарасына қойылған санитарлық бекеттер алынды

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысы шекарасына қойылған санитарлық бекеттер алынды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда өңір шекарасына қойылған санитарлық бекеттердің жұмысы тоқтатылғаны хабарланды.

"11 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіріп-шығуды бақылау үшін Алматы, Қарағанды облыстары жағынан қойылған санитарлық бекеттер алынды. Ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына "Ауыл", "Уба", "Бақты" және "Майқапшағай" өткізу пункттерінде кіріп-шығуды бақылайтын 4 санитарлық бекеттің жұмысы ары қарай жалғасады" , - делінген құжатта.

Естеріңізге сала кетсек, ШҚО-да карантиндік шектеулер 19 маусымға дейін ұзартылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917251-sqo-sekarasyna-qoiylgan-sanitarlyq-beketter-alyndy/

pixel