RU

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін азайтылуы мүмкін

Әл-Фараби даңғылы
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

ОКҚ өткен онлайн-брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жылдамдық режимін өзгерту мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. Қазір ол жерде сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге болады. Алайда оны 60-қа дейін түсіруі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифингте журналистер неліктен дәл Алматыдағы әл-Фараби даңғылында қозғалыс жылдамдығы жоғары екенін сұрады. Мәселен, Нұр-Сұлтан көшелерінде жылдамдықты көбейтуге рұқсат жоқ.

Ерлан Тұрғымбаевтың сөзінше, бұл көшедегі көлік қозғалысының тығыздығына байланысты. Жол апатына ұшырау көрсеткіші жоғары және жол инфрақұрылымы дамымаған болса, онда жылдамдық режимі азайтылады.

"Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жылдамдық режимі 15 жыл бойы сағатына 80 шақырымға дейін ұлғайтылды. Менің білуімше, қазір әкімдік жылдамдықты сағатына 60 шақырымға дейін азайту мәселесін қарастырып жатыр.

Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар әкімдікке қарайтын жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұсынысын және жол инфрақұрылымын ескере отырып, шешім қабылдайтын болады", - дейді ІІМ басшысы.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 27 тамызынан бастап әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолындағы жылдамдық сағатына 80 шақырым болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917272-almatydagy-al-farabi-dangylynda-zyldamdyq-sagatyna-60-saqyrymga-deiin-azaityluy-mumkin/