Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда экс-министр Нұрымбетовтың ағасы 10 жылға сотталды

Жарияланған күні:

Тимуржан Нұрымбетов
Тимуржан Нұрымбетов. Фото: Time.kz

Таразда жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Тимуржан Нұрымбетовке және өзге де айыпталушыларға сот үкімі шықты. Бұл туралы Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тараз қаласының №2 сотында Тимуржан Нұрымбетовке, сондай-ақ Романова, Өтеулина, Сарымсақов пен Мұстафаға қатысты қылмыстық іс қаралған.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Нұрымбетовке 44 миллионнан астам теңге көлемінде пара алды, алаяқтық жасады, ақшаны заңдастырды және қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Оның қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 54 млн теңгеден астам шығын келген.

Басқарманың бұрынғы қызметкерлері Романова мен Өтеулина пара беруде және ірі көлемде алаяқтық жасауда делдалдық жасады деп айыпталған.

ЖШС директоры Сарымсақов пен қоғамдық ұйым өкілі Мұстафаға аса ірі көлемде алаяқтық жасады, пара беруде делдалдық жасады және ірі көлемде пара берді деген айып тағылған.

Сот отырысында прокурор Нұрымбетовты 12 жылға, Романованы 8 жылға, Сарымсақовты 9 жылға, Өтеулинаны 7 жылға, Мұстафаны 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Қорғаушылар сотталушылардың іс-әрекеттерін аса ауыр емес баптар бойынша қайта саралауды және қоғамнан оқшауланумен байланысты емес жаза тағайындауды талап етті.

Кінәні ішінара мойындау жеңілдететін мән-жай, ал қылмысты төтенше жағдай кезінде жасау ауырлататын мән-жайлар деп танылған.

Сотталушылардың кінәсі олар берген жауаптармен, куәгерлердің түсініктемесімен, сараптама қорытындысымен және басқа да айғақтармен дәлелденді.

"Нұрымбетовке мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол ақшаны заңдастыру айыбы бойынша ақталды, себебі іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмады.

Романова мен Сарымсақовқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Олар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Олардың қылмыстық жолмен алынған дүние-мүлкі тәркіленді. Өтеулинаға 5 жыл, Мұстафаға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Екеуі де мемлекеттік қызметте өмір бойына жұмыс істей алмайды", - дейді Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, өткен жылдың маусым айында сол кездегі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың ағасы Тимуржан Нұрымбетовтың қызметінен кеткені белгілі болған еді. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917286-tarazda-eks-ministr-nurymbetovtyn-agasy-10-zylga-sottaldy/