RU

«Almaty CPS» компаниясы «Рахат» базары басқарушы компаниясының айыптауына қатысты жауап берді

Рынок "Рахат"
Фото: ТОО "Almaty CPS"

«ТКМ» ЖШС мен «Almaty CPS» ЖШС арасындағы Алматыдағы «Рахат» базарын заңсыз басқаруға қатысты талап-арыз бойынша сот дауы әлі де жалғасуда.

Еске сала кетейік, Алматы әкімдігінің қаулысымен базар аумағы жалға беру мерзімі өткен соң жиһаз фабрикасын салу үшін «Almaty CPS» ЖШС-не берілген болатын. «ТКМ» ЖШС бұл шешімнің заңдылығын даулап отыр. Бірақ ол 3 сот процесінде жеңіліс тауып, өз талабының заңды екенін дәлелдей алмады.

Жұмағали Әмірбеков, «Almaty CPS» ЖШС-ның құрылтайшысы және басшысы:

Біздің компаниямыз 2 жыл ішінде, яғни 2020 жылғы 6 ақпанда және 28 шілдеде, сондай-ақ 2021 жылғы 26 ақпанда 3 сот процесінде жеңіп шықты. Осы арқылы біз «Жиһаз фабрикасын салу» инвестициялық жобасын іске асыру үшін жер телімінің бізге бөлінуінің заңды екендігін түпкілікті дәлелдеп шықтық.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қазір «Рахат» базары орналасқан Солтүстік айналмадағы 0,9 га көлеміндегі жер телімі бізге 2019 жылдың маусымында бөлінді. Әкімдік көрме павильондары бар жиһаз фабрикасын салудан бөлек, бұл жер телімін «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның талаптарына сәйкестендіруді нақты жүктеді. Мәселе мынада, «ТКМ» ЖШС-нің жалдау мерзімі 2018 жылы аяқталып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол жер телімін пайдаланған 20 жыл ішінде толықтай антисанитариялық жағдайда бейберекет және бақылаудан тыс сауда ұйымдастырған. Менің ойымша, әкімдік бұл компаниямен жалдау мерзімін алдымен осы былығы үшін, сауданың өркениетті жағдайларын жасаудан, бөлшек сауда үй-жайларын жаңартудан бас тартқаны үшін ұзартпаған.

Өкінішке қарай, базардағы осы бейберекетсіздік әлі де жалғасуда, өйткені «ТКМ» ЖШС-тің кететін түрі жоқ. Онда темір контейнерлер тұр, маңайдың бәрін антисанитария жайлаған, ақыр аяғы қарапайым тұрмыстық жағдай жасалмаған, тіпті дәретхана да жоқ. Контейнерлердің қысқы уақытта қалай жылытылатыны түсініксіз. Ал жазда адам төзгісіз аптап ыстық.

Базар басшылығының сот шешіміне әрі бірнеше рет жасалған ескертулерге қарамастан, әлі күнге дейін өзгенің аумағында сатушылардан жалдау ақысын жинап, заңсыз қожалық етіп жатқаны таңғаларлық. Біздің қолымыздағы ақпарат бойынша, «ТКМ» ЖШС базарынан мүлде салық төленбей отыр екен. Мәселен, соңғы 2 жылда жалға алушылар 150 млн теңге төлесе, ал базар басшылығы 2019-2020 жылдарға бюджетке – 1 млн теңге, 2021 жылға тіпті нөл теңге төлеген.

Осылайша, «ТКМ» ЖШС заңнамада белгіленген талаптарды мүлде сақтамай, іс жүзінде Алматы қаласының бюджетінен жымқыра отырып, өзінің көлеңкелі бизнесін ұялмастан жалғастыруда. Мен тиісті органдар мұндай әрекетке өз бағасын беруі тиіс деп есептеймін.

Біз өз тарапымыздан «ТКМ» ЖШС-нің заңсыз иеленіп отырған жер телімін босатуы туралы талаппен Алматы ауданаралық экономикалық сотына жүгіндік. Бұл осымен 4-ші сот процесі болмақ әрі өркениетті елде мүлде ақылға сыймайтын жағдай болып отыр. Десе де, біз заңның салтанат құратынына және бетімен кеткен іскерсымақтардың жер телімін босатынына толық сенімдіміз.

Біздің жобамызға келетін болсақ, 100-ден астам атаулы өнім шығаруға арналған фабриканың құрылысына 3 млрд теңге инвестиция салу көзделген. Мұнда жыл сайын 55 млн теңгеден астам көлемде салық төленбек және 490 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

«ТКМ» ЖШС бізге қарсы арсыздықпен айдап салып отырған базар сатушыларын «Almaty CPS» ЖШС әлеуметтік жауапкершілігі жоғары компания екендігіне сендіргім келеді. Біз болашақ фабрика қызметкерлеріне жайлы жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар сіздерге, яғни базар сатушыларына жалдау негізінде өркениетті түрде сауда-саттық ұйымдастыру үшін тұтастай бір қабатты бөлетін боламыз. Жалдау шарттары, сонымен бірге әлеуметтік-тұрмыстық жағдай қазіргі «ТКМ» ЖШС-на қарағанда салыстыруға келмейтіндей жақсы болады.

Бұл – жәй сөз емес, ол біздің 2021 жылғы 12 наурызда Кәсіпкерлердің Алматы қалалық өңірлік палатасында Алматы әкімдігінің өкілдері мен базар кәсіпкерлерінің бірлескен отырысында қабылдаған нақты міндеттемелеріміз.

Фабрика ғимаратының жобасына енгізілген өзгерістер биылғы маусым айының соңына дейін таныстырылатын болады.

Мебельная фабрика проект
Фото: ТОО "Almaty CPS"

Мебельная фабрика проект
Фото: ТОО "Almaty CPS"

Сонымен қатар біз Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбекпен және оның туыстарымен байланыста-мыс деген мәліметтің жәй ғана қаңқу сөз екенін тағы да мәлімдеймін. Мұның барлығы өтірік, жала және сотқа қысым жасау мақсатындағы ақымақтық әрекеттер.

Қазіргі базар басшылығы аяқ астынан митингтер ұйымдастырып, «неғұрлым әйгілі есімдер аталса, солғұрлым жақсы» деген принциппен жаңа жауапкерлер тартуға өтініш білдіріп, процесті әдейі созуға ынталы. Осы арқылы олар уәкілетті мемлекеттік органдарға ашықтан-ашық қысым жасауға және өздеріне қажетті қоғамдық пікір қалыптастыруға тырысып бағуда.

*PR құқында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917288-almaty-cps-kompaniyasy-raxat-bazary-basqarusy-kompaniyasynyn-aiyptauyna-qatysty-zauap-berdi/