Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының Түрксіб ауданындағы кей көшелерде бір ай бойы ыстық су болмайды

Опубликовано:

ыстық су11
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматының Түрксіб ауданында орналасқан кей көшелер мен ғимарттарда бір ай бойы ыстық су болмайды. Бұл жөндеу жұмыстарына байланысты деп хабарлайды "Алматы жылу желілері" ЖШС Instagram парақшасында.

"2021 жылғы 14 маусым мен 12 шілде аралығында Түрксіб ауданының аумағындағы Ахметов – Закарпатская – Қалмаржын – Огарев көшелерінде орналасқан тұрғын үйлермен өзге де ғимараттарда ыстық су тоқтатылады.

"Әуежай" қазандығында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шектеулер енгізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - дейді "Алматы жылу желілері" ЖШС.

Одан бөлек, мекеме 14 маусым сағат 8.00-ден бастап 15 маусым сағат 8.00-ге дейін Бостандық ауданының аумағында орналасқан Сәтбаев-Наурызбай батыр – Тимирязев – Сейфуллин көшелеріндегі тұрғын үйлерде және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайтынын еске салды.

Ыстық судың тоқтатылуы жылумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты болып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Алматы жылу желілері" ЖШС 12 маусым таңғы сағат 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Сәтбаев пен Наурызбай батыр көшелері бір күнге жабылатынын хабарлаған еді.

Уақытша шектеулердің мұндағы көлік жүретін жолдың астындағы магистральдық жылу жүйелерін жоспарлы жөндеуге байланысты енгізіліп жатқаны белгілі болды. Осы орайда мекеме жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917318-almatynyn-turksib-audanyndagy-kei-koselerde-bir-ai-boiy-ystyq-su-bolmaidy/

pixel