RU

"Ыстықтың беті қайтады": Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

жаңбыр12
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет РМК" өкілдері 12-14 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері солтүстікте ғана емес еліміздің оңтүстік аймақтарында ауа температурасы төмендейді.

"Жылы және құрғақ ауа массалары Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райының қалыптасуына ықпал етті. Алайда, Скандинавия аймақтарынан келетін суық антициклонның әсерінен, елдің солтүстік жартысында ғана емес, оңтүстік өңірлерде де ауа температурасы төмендейді.

Егер оңтүстікте ауа температурасы аздап төмендесе, оңтүстік-шығыста термометр бағандары түнде 5...13°С-қа дейін, күндіз 20...28°С-қа дейін төмендейді", - дейді "Қазгидромет РМК" өкілдері.

Мамандардың болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуі әсерінен еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Сонымен қатар, 12-13 маусымда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауып, жекелеген аудандарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917320-aua-temperaturasy-tomendeidi-sinoptikter-aldagy-us-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/