Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда көпқабатты үйдің алдында ит сойып, терісін сыпырғандар тұрғындардың үрейін ұшырды

Опубликовано:

ит11
Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавлда тапа-тал түсте көпқабатты үйдің алдында ит сойып терісін сыпырып жатқандар тұрғындардың зәресін ұшырды. Олардың әрекетін жоғарғы қабаттағы тұрғындардың бірі ұялы телефонына түсіріп алған деп хабарлайды КТК арнасы.

Адам шошырлық жағдай әлеуметтік желіге тарап кеткен. Көп ұзамай полиция қасапшы еркек пен оқиға орнында болған әйелдің кім екенін анықтаған.

Егде жастағы әйел сол үйдің тұрғыны екені белгілі болған. Ол 42 жастағы танысына итті сойып, бөлшектеп беруін сұраған. Төрт аяқты мақұлықты әжей күшік кезінен асыраған көрінеді. Бірақ не үшін мұндай қатігездікке барғаны әзірге белгісіз.

Оларға жануарға жасаған қатыгездігі үшін 350 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін. Тіпті, 30 тәулікке абақтыға қамалуы да мүмкін.

"Қылмыстық кодекстің 316-бабы (жануарларға қатігездік жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр", - дейді СҚО ПД баспасөз қызметінің инспекторы Нұрбек Баекин.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында итті аяусыз ұрған әйел көпшіліктің ашуына тиген еді.

Еріктілердің сөзінше, иттің кеңсірігінің маңы, көзі қатты ісіп кеткен, басында бірнеше тесік пайда болған, мұрыннан және көзінен қан кеткен. Аяғың әрең басады.

Бұл жайтқа бей-жай қарай алмаған куәгерлер полицияға арыз жазған. Құзырлы орган тұрғынға қатысты Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917322-petropavlda-kopqabatty-uidin-aldynda-it-soiyp-terisin-sypyrgandar-turgyndardyn-ureiin-usyrdy/

pixel