Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлық бекетте жоқ": Шымкентте көлік жүргізушілері автогаз іздеп шарқ ұруда

Опубликовано:

көлік12
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте көлігі тек көгілдір отынмен жүретін жүргізушілер қаланы шарлап автогаз іздеп жүр. Бірнеше күн бұрын ғана 20 теңгеге қымбаттаған автогазды кей бекеттер талонмен ғана сатуда деп хабарлайды КТК арнасы.

Көлік жүргізушілерінің айтуынша, сұйық отын тапшылығы бір аптадан бері сезіле бастаған. Бұрын 60-70 теңгеден сатылған газ бағасы бірден 20 теңгеге қымбаттаған. Бірақ соның өзін сатып алу мүмкін емес дейді олар.

"Таңертеңнен бері іздеп жүрмін, таппадым. Бес бекетте болдым. Талон сұрайды. Бағасы бірден көтеріліп кетті ғой. Не деген баға ол 85 теңге дейді, бір жерге барсаң 89 теңге деп тұр", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Жандос Қосақбаев.

"Барлық бекетте жоқ. Карточка дейді, бірдеңе сұрайды. Болса да қымбат, 85 теңге. Алдында 67-ден бастады ғой. Бір апта болды қымбаттағанына", - дейді тағы бір тұрғын Төребек Құсанов.

Телеарнаның мәліметінше, Шымкентте автогаз бірнеше газ құю бекетінде ғана бар. Оның өзінде сұйық отынға ақша емес, талон ұсынуың керек. Алайда, талонның өзі тапшы көрінеді.

Жүргізушілер болса бұл тапшылық "сөз байласқан кәсіпкерлердің әрекеті" деп отыр. Олардың пікірін сарапшы да қолдап отыр.

Шымкенттегі жанар-жағар май қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров мұнай өңдеу зауытындағы 15-тен астам қор ұстаушы бағаны "қолдан қымбаттатуы мүмкін" екенін айтады. Қор ұстаушылар – мұнайды зауытқа әкеліп өңдетіп сататындар.

"Қор ұстаушылар, мұнай ұстаушылар өз еркімен сата бастады. Кімге сатады, қалай сатылады, қандай бағамен, кімге? Міне осыдан басталады. Әкімдік еш қадағалай алмай қалды. Реттеу, есеп, сараптама деген жоқ", - дейді ол.

Бәсекелестікті қорғау департаментіндегілер автогаз тапшылығын мұнай өңдеу зауытының жөндеуге жабылғанымен түсіндіреді.

Шымкенттің сұйық отынға деген қажеттілігі айына 6 мың тонна болса, қазір тек 4 жарым мың тонна келіп жатыр екен.

Ал бағаның қымбаттауына батыстан тасымалданғандықтан жол шығыны әсер еткенге ұқсайды. Дегенмен ведомство бағаны қолдан өсіріп жатқандарды анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатқандарын жеткізген.

Жуық арада мұнай өңдеу зауыты қайта іске қосылып, баға қайта тұрақтанады деп күтілуде.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917324-barlyq-bekette-zoq-symkentte-kolik-zurgizusileri-avtogaz-izdep-sarq-uruda/

pixel