Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада көшеде мылтық алып жүрген тұрғын қолға түсті

Опубликовано:

мылтық
Көрнекі фото: Хабар 24

Қызылорда қаласында полицейлер көшеде мылтық алып жүрген тұрғынды қолға түсірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған азаматты тәртіп сақшылары «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұстады. Полицейлер Тасбөгет кентінде қала тұрғынын тексерген болатын. Сол уақытта жергілікті тұрғынның ақ түсті полиэтилен пакетінен 2 ұңғылы нөмірі жоқ шолақ мылтық алып жүргені анықталды.

"Қазіргі таңда аталған іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүмыстары жүргізілуде.

Онда атыс қаруын, тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа, оқ дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру жағдайы көрсетілген", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салайық, осыған дейін Алматы облысында тойда оқ атқан азамат жазаланғанын жазған едік.

Талғар аудандық соты ер адам 27 мамыр күні "Айсұлтан" мейрамханасында өткен шарада тәртіп бұзып, RETAY PT24 сигналдық тапаншасынан төрт рет оқ атқанын анықтаған болатын. Сотта қоғамдық орындағы кішігірім бұзақылық жасау фактісі расталды.

Сотта мейман өз кінәсін мойындап, өз ісіне өкініш білдірді. Жаза тағайындау барысында оның бұрын-соңды әкімшілік жауапқа тартылмағаны және кішкентей бала асырап отырғаны ескерілді. Оған 5 АЕК (14 мың теңгеден көп) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917335-qyzylordada-kosede-myltyq-alyp-zurgen-turgyn-qolga-tusti/

pixel