RU

Қарағанды облысында шетелдіктің телефонын тартып алған күдікті ұсталды

Ұялы телефонға тыйым
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысында шетелдіктің телефонын тартып алған күдікті ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

10 маусым күні Қарағанды облысы Саран қалалық полиция бөліміне қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің маңында ашық түрде тонау болды деген хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберіліп, жәбірленушінің 33 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматы екені анықталған. Ол кешкі уақытта жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанда белгісіз біреу шабуыл жасағанын айтыпты.

Күдікті жәбірленушінің қолынан ұялы телефонын тартып алып, оқиға орнынан ізін суытқан екен. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адам ұсталды.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Одан ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191–бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917338-qaragandy-oblysynda-seteldiktin-telefonyn-tartyp-algan-kudikti-ustaldy/