Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желі арқылы көмек сұраған: Шарында туристер қиындыққа тап болды (видео)

Жарияланған күні:

Шарын
Видеодан кадр: Instagram/ instagram.com/tair_marassulov

Шарын шатқалында бір топ турист қиын жағдайға тап болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайын өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баяндады. Олардың дерегінше, 11 маусым күні сағат 20:00 шамасында әлеуметтік желідегі мониторингтік жұмыс барысында бір топ турист Шарыннан шыға алмай жатқаны анықталған. Атап айтқанда, блогер Таир Марасулов Instagram желісі арқылы көмекке шақырған.

"Оқиға орнына бірден Алматы облысы ТЖД , "Шарын шатқалы" МҰТП күштері мен құралдары жіберілді. Сағат 20:30 шамасында жеті адамнан құралған туристік топ (бәрі ересектер) екі бірлік техника көмегімен Кеген ауданындағы "Шарын шатқалы" МҰТП аумағында орналасқан Кіші шатқалдан өздігінше шығып, Алматыға кеткені анықталды",- деді департаменттегілер.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

ТЖД 11 маусым күні Кіші Шарын шатқалы аумағында жауын-шашын салдарынан беткейге қарай су ағыны болғанын, осыған байланысты дауылды ескерту жарияланғанын атап өтті.

Шатқалда жеті адамнан басқа демалушылар болмаған. ТЖ жөніндегі департамент азаматтардан ауа райы өзгерісін бақылап, алдын алу шараларын сақтауды сұрайды.

Еске сала кетсек, 29 мамырда Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам көз жұмып, тағы 6 адам зардап шеккен еді.

Кейін еліміздің білім және ғылым министрлігі аталған оқиға салдарынан 1 оқушы мен 1 мұғалімнің көз жұмғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917342-aleumettik-zeli-arqyly-komek-suragan-sarynda-turister-qiyndyqqa-tap-boldy-video/