Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "Яндекс. Такси" жұмысына тыйым салына ма: Такси қызметі жауап берді

Опубликовано:

Яндекс.Такси
Фото: Яндекс.Такси

"Яндекс.Такси" баспасөз қызметі Алматы сотының шешімінен кейін Қазақстанда такси қызметіне тыйым салынатыны туралы БАҚ беттерінде жарияланған ақпаратты теріске шығарды.

"Яндекс.Такси" сот республика аумағында сервис жұмысына тыйым салып, қосымшаны бұғаттап тастаған соң Қазақстандағы қызметін тоқтататыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Компания қазақстандық соттың шешімі елде "Яндекс. Такси" қызметінің жұмысына бөгет болмайтынын атап өтті.

"Біздің қызмет жұмыс істеп жатыр және қызметін жалғастыра береді. Ал патенттік дауға келсек, компания аппеляция береді",- деп келтіреді "Яндекс.Такси"баспасөз қызметінің жауабын "Лента.ру".

Айта кетейік, жұма күні БАҚ беттерінде Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "G-Tax" ЖШС-ның "Яндекс.Таксиге" қарсы тапсырыс беру жүйесін пайдалану есебінен патенттік құқықтарды бұзу туралы арызын ішінара қанағаттандырғаны жайлы ақпарат тараған еді.

Дәлірек айтқанда, бұл мәліметті Finance.kz Telegram арнасы бөліскен болатын. Хабарламада сот қосымшаны бұғаттап, такси қызметінің ел аумағындағы жұмысына тыйым салынғаны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917348-qazaqstanda-yandeks-taksi-zumysyna-tyiym-salyna-ma-taksi-qyzmeti-zauap-berdi/

pixel