Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жоғалған турист болуы мүмкін": Өгем шатқалынан тағы бір адамның денесі табылды

Опубликовано:

Сайрам-Өгем
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысының Сайрам-Өгем шатқалынан тағы бір адамның денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылдың 12 маусымында Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағыттағы зерттеулер барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан бір адамның денесін тапқан.

Шатқал теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан. Таулы рельефтің, жартасты беткейлердің көптігінен денені тікұшақпен тасымалдау мүмкін болмаған.

РЖҚЖ құтқарушылары алдымен Өгем өзені арқылы өтетін өткелді (ағыс жылдамдығы секундына 20 метр) жаяу жүріп өтіп, кейін табылған денені әуе кемесіне дейін жаяу көтеріп апарып, жүкшығырдың көмегімен әуе кемесіне көтерген.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, табылған адамның денесі осыған дейін Өгем шатқалында жоғалған 2004 жылғы туристке тиесілі. Жоғалған жігіттің әкесі ұлын таныған.

Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Сайрам-Өгем
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысының Төле би ауданы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық саябағы аумағында жеті адамның жоғалғаны жайлы хабарлаған едік.

Туристер 21 мамырда жаяу "Сары-айғыр" шатқалына бет алған және 24 мамырда қайту қажет болған. Алайда қайтар жолда адасып кеткен.

28 мамыр күні жоғалған жігіттердің үшеуі аман-есен табылды. Кейін ТЖМ туристерді эвакуациялау сәтінен видео да жариялаған еді.

29 мамырда тағы екі туристің денесі табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917381-sairam-ogem-satqalynan-tagy-bir-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel