Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаңды дауыл, найзағай, бұршақ: Синоптиктер жексенбі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Бұршақ
Көрнекі сурет: pixabay.com

13 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК назарға ұсынды.

Еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде антициклонның ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты елдің қалған бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады,

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с болып, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, елдің батысында бұршақ күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917394-sandy-dauyl-naizagai-bursaq-sinoptikter-senbi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel