Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандардың статистикасы жарияланды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында коронавирус жұқтырған науқастар туралы ресми мәліметтерді назарға ұсынып, дерттен көз жұмғандардың статистикасын жария етті.

Министрлік 11 маусым күнгі деректерге сәйкес ел өңірлерінде тіркелген қайғылы жағдайлар санын жария етті. Бұл мәлеметтерге сенсек, Қазақстан бойынша барлығы 14 адам коронавирус пен коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан көз жұмған.

Олардың ішінде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 10 адамды құраса, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар саны 4 адамға жетіп отыр.

Одан бөлек, министрлік коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 13 маусымдағы ақпаратты да назарға ұсынды.

13 маусымдағы мәлімет бойынша, 21 413 адам коронавирус инфекциясынан (–20 281 + және 1132 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 964 пациент стационарда, 14 449 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 528 адамның жағдайы ауыр,

• 106 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 72 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны жария болғанын және елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғанын жазған едік.

Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 12 маусымда 1058 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917406-qazaqstanda-koronavirustan-koz-zumgandardyn-statistikasy-zariyalandy/

pixel