Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобус жол апатына түсіп, жеті адам зардап шекті (фото)

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Sputnik/ Стрингер

Алматы орталығында автобус жол апатына түсіп, салдарынан жеті адам зардап шекті. Оқыс жағдай 13 маусым күні таңертең болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды. Жол апаты таңғы уақытта Абай даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында болған.

Автобус
Фото: Sputnik/ Стрингер

Жолайырықта Kia көлігін басқарып, батыс бағытта Абай даңғылының бойымен келе жатқан 1998 жылғы жүргізуші "қызыл" шамға қозғалысын жалғастырған. Ол 1960 жылғы жүргізуші басқарған "ЛиАЗ" маркалы №77 жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Автобус Розыбакиев бойымен солтүстікке қарай жылжып келе жатыпты. Соққыдан автобус арыққа қарай түсіп кеткен.

Жол апаты
Фото: Zakon.kz

"Жол апаты салдарынан автобустың бес жолаушысы және екі көліктің жүргізушілері жарақат алды. Жарақат алғандар Алматы қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Бұл фактіні Алмалы ауданының полиция басқармасы тексеріп жатыр", - дейді Алматы полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Олжас Шарипов.

Жол апаты
Фото: Zakon.kz

Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында терек мамығын жағып ойнаған жастар автобус паркін өртеп жібергенін жазған едік.

Одан бөлек, әлеуметтік желіде 26 жастағы қызды автобустың қағып кеткен кезі түсірілген видео жарияланғанын жазған болатынбыз.

Автобус жүргізушісіне қатысты 345-баптың 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917425-almatyda-avtobus-zol-apatyna-tusip-zeti-adam-zardap-sekti-foto/

pixel