Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда полицей қызметтік көлігімен әйелді қағып өлтірді (видео)

Опубликовано:

полиция көлігі11
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда полицей қызметтік көлігімен жаяу жүргіншіні қағып өлтірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі оңтүстік астананың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Адам өліміне алып келген жол апаты бүгін, 14 маусым күні таңғы сағат жетіде Алатау ауданы аймағында болған.

Құқық қорғау органдары ұсынған ақпаратқа сәйкес, Hyundai қызметтік көлігіндегі полиция қызметкері Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан.

Сөйтіп ол күтпеген жерден маневр жасай бастаған өзге көлікпен соқтығысудан қашпақ болып көлік жуу орнының шығыс жағына қарай бұрыла бергенде, сол жердегі жаяу жүргінші әйел мен жол шетінде тұрған "ГАЗельді" қағып кеткен.

"ГАЗель" жүргізушісі көлік ішінде болмаған. Ал әйел қайтыс болған.

Аталмыш факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған іс-әрекет) бабы бойынша тіркелді.

"Қылмыстық істі Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасы жүргізуде. Жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады полициядан.

Еске салсақ, бұған дейін Орал-Ақсай тас жолында жол апатынан 28 жастағы полиция қызметкері қаза тапқанын жазған едік.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, жол апаты 9 маусым күні сағат 19:45 шамасында Орал - Ақсай тас жолының 225-шақырымында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1917481-almatyda-policei-qyzmettik-koligimen-aieldi-qagyp-oltirdi/

pixel