Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцинаның бірінші дозасын алған адам ауырып қалса, екіншісін қашан салдыруы керек

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

№12 қалалық емхананың эпидемиологы Данара Укиева коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар ауырып қалған жағдайда екінші дозасын қашан қабылдау керектігін айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Эпидемиологтың сөзіне сенсек, аурудан кейін антиденелер алты ай бойы сақталады. Дәрігер вакцина алмай тұрып алдымен антиденеге ИФТ-тест тапсыру керектігін алға тартты.

Ал егер вакцинаның бірінші дозасын алған науқас ауырып қалса, екіншісін салдыру үшін алты ай күтуі қажет.

"Егер антиденелер саны белгілі бір титр мөлшерінен асып кетсе, онда вакцина алуға болмайды. Ал антиденелер саны аз болса вакцина қажет, әйтпесе ауырып қалуыңыз мүмкін. Әр ағзаның дербес екендігін әрі антиденелердің жойылу жылдамдығы әртүрлі екенін түсіну керек", – дейді эпидемиолог.

Данара Укиева вакцинаны салдыру қалай жүзеге асатынын түсіндірді.

"Азамат екпе пунктіне келеді, келісімге қол қояды, терапевттен медициналық тексеруден өтеді және осыдан кейін ғана дельтоидты бұлшықетке вакцинаның бірінші дозасы салынады. Содан кейін бейдж беріліп күту аймағына жіберіледі, онда отыз минут мамандардың бақылауында болады", - дейді ол.

Дәрігер вакцинаны 18 жасқа дейінгі адамдар, жүкті және емізетін әйелдер, аллергиялық реакциялары мен созылмалы аурулары бар адамдардан басқалары салдыра алатынын атап өтті.

Айта кетсек, алматылықтарға ыңғайлы болу үшін қалада 211 екпе пункті жұмыс істейді. Олар емхана, сауда орталықтары, базар, мектеп, мәдениет нысандарында орналасқан және күн сайын демалыссыз таңғы сегізден кешкі сегізге дейін жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917493-vakcinanyn-birinsi-dozasyn-algan-adam-auyryp-qalsa-ekinsisin-qasan-saldyruy-kerek/

pixel