Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

6,1%-дан басталатын кредиттер және жоғары сенімділік: Бизнес үшін Қазақстанның қай банкі тиімді

Опубликовано:

Деньги
Иллюстративное фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мамыр айының соңында Банк ВТБ (Қазақстан) 2020 жылға аудиттелген қаржылық есептілікті жариялады. COVID-19 пандемиясының елдің банк секторына әсеріне қарамастан, ВТБ негізгі көрсеткіштердің өсуімен ерекшеленді.

Банктің активтері 2019 жылмен салыстырғанда 54%-ға 323 млрд теңге деңгейіне дейін өсті, таза пайда 11%-ға өсіп, 5 млрд теңгені құрады. ВТБ кредиттік қоржыны 33%-ға, ал депозиттік қоржын 89%-ға ұлғайды, бұған қазақстандық банктер арасында ең жоғары кредиттік рейтингтің бірі – ұйымның сенімділігінің жоғары деңгейін көрсететін "Тұрақты" болжамы бар "ВВ+/В" ықпал етті. Банк өкілдері экономика үшін күрделі жағдайдағы көрсеткіштердің өсуіне түсініктеме берді.

«2020 жылы Covid-19 пандемиясының әсерінен Банк ВТБ (Қазақстан) ұжымы негізгі үш бағыт бойынша Бизнесті трансформациялау жоспарын жедел тұжырымдап, іске асырды. Біріншісі – ішкі процестерді оңтайландыру және шығындарды азайту. Екіншісі – клиенттерге де, банкке де максималды тиімділік әкелетін қызметтерге шоғырлану. Үшіншісі – жаңа, мобильді және икемді сату моделіне көшу. Жылдың қаржылық қорытындысын шығара отырып, біз осы сыртқы сын-қатерді лайықты еңсердік деп нық сеніммен айтуға болады», – деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының мүшесі-корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Игорь Ли.

Өткен жылы банк карантиндік шектеулерді енгізуден зардап шеккендер үшін кейінге қалдыру туралы сұраныстардың 90%-ын қанағаттандыра отырып, кәсіпкерлерге ерекше назар аударды. Бұдан басқа, ВТБ шағын және орта бизнесті мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдікті кредиттермен және Банктің өз қаражатынан қаржыландырумен қолдайды.

«Жеке тәсілдің арқасында біз клиенттерімізге барлық өнімдеріміз бойынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеміз, – дейді Игорь Ли. – Бүгінде заңды тұлғалар БЖК-2025 мемлекеттік бағдарламасы бойынша субсидиялаудан кейін ВТБ-дан бизнесті дамытуға жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі бойынша 6,1%-дан бастап кредит ала алады. Сондай-ақ біз бизнеске арналған басқа да банк қызметтерінің барлық кешенін ұсынамыз: депозиттер, кепілдіктер, овердрафттар, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, корпоративтік карталар және т.б. Сонымен қатар, клиент банк қызметтерінің санын неғұрлым көп пайдаланса, банк оған соғұрлым тиімді мөлшерлемелерді ұсынады, бұл адалдық бағдарламасында қарастырылған».

Банктің көптеген қызметтерін бүгінде бөлімшелерге бармай-ақ қашықтықтан пайдалануға болады. Мамандандырылған мобильді банкинг жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғаларға да қол жетімді. Ал жақында кәсіпкерлер банк сайтында немесе электрондық үкімет порталында ВТБ-да шот аша алады, ол үшін қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ. Банктің қызметтері мен өнімдерімен толығырақ сайтта немесе 5050 ұялы телефон нөмірі бойынша танысуға болады.

2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 ҚР Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы.

*Банк ВТБ (Қазақстан) қолдауымен дайындалған материал

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917519-61-dan-bastalatyn-kreditter-zane-zogary-senimdilik-biznes-usin-qazaqstannyn-qai-banki-tiimdi/

pixel