Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Несие шығарамын деп танысының 100 млн теңге тұратын үйін сатып жіберген шымкенттік ұсталды

Опубликовано:

әйел ұсталды
Көрнекі фото: report.az

Шымкент қаласында ірі көлемде несие шығарып беремін деп жергілікті тұрғынның 100 миллион теңге тұратын үйін сатып, алдап кеткен алаяқ қолға түсті деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 2021 жылдың 10 маусымында Шымкент қалалық полиция департаменті Әл-фараби аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын қоңырау шалған.

Жәбірленуші арызында танысы ірі көлемде несие шығарып беремін деп алдап, өзіне тиесілі құны 100 миллион теңге тұратын үйін үшінші тұлғаға рәсімдеп жібергенін жазып көрсеткен.

Шаһардың криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, қолға түсірген.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавл тұрғыны алаяққа алданып, сегіз миллион теңгеден аса қаржасынан айырылып қалғанын жазған едік.

Белгілі болғандай 44 жастағы петропавлдық әйелге алаяқ хабарласып, "банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрғанын" айтқан.

Бейтаныс дауыс оған шотында күдік тудыратын әрекеттер жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Осыдан кейін ол тұрғынға ақшаны сақтап қалу үшін "қосалқы шотқа" аудару қажет екенін айтыпты. Оның нұсқауын орындаған әйел нәтижесінде бар жиған-тергенінен айырылып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917544-nesie-sygaramyn-dep-tanysynyn-100-mln-tenge-turatyn-uiin-satyp-zibergen-symkenttik-ustaldy/

pixel