Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда көлік терезесінен денесін шығарғандардың басы дауға қалды

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: Polisia.kz

Атырау облысы Құлсары қаласында жүріп келе жатқан көлік терезесінен денесін шығарғандардың жеке басы анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 13 маусым күні Атырау облысы Құлсары қаласының орталық көшесімен қауіпсіздік шараларын сақтамай жүріп бара жатқан көлік Жылыой ауданы полиция бөлімінің жедел басқару орталығының бейнекамерасымен анықталған.

Видео кадрынан екі жігіттің көлік терезесінен денесін шығарып, мемлекеттік туды ұстап тұрғандарын байқау қиын емес.

Патрульдік полиция қызметкерлері аталған көлік жүргізушісі мен екі жолаушының үстінен Қазақстан Республика әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593 және 619-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы ауылда екі мектеп оқушылары арасында төбелес болған еді.

Аталмыш жанжалдың видеосы желіде жарияланды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша 25 мамыр күні сағат 11.00-де Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев және Ы. Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиға орнында 7 адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917548-atyrauda-kolik-terezesinen-denesin-sygargandardyn-basy-dauga-qaldy/

pixel