RU

"Фильмдегідей": Маңғыстау тас жолында Газель жарылды (видео)

Өрт
Видеодан кадр: lada.kz

Маңғыстау тас жолында "Газель" жарылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жеңіл автокөлік үзіліссіз жүріп жатқан Ақтау – Таушық тас жолында санаулы секунд ішінде "Газель" отқа оранды.

Куәгерлер бұл оқиғаны видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялады.

Кадр сыртындағы ер адам "Мынаны көрдің бе?!" – деп сұрады.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін тілсіз жау өшірілді, деп жазды өңірлік "Лада" басылымы.

Белгілі болғандай, бұл оқыс жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.

"Тура фантастикалық немесе боевик фильміндегідей", "Видеоға түсірген адам жарылыс болатынын білмеген", "Жүргізуші жүрек жұтқан екен",  деп жазды желі пайдаланушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917568-filmdegidei-mangystau-tas-zolynda-gazel-zaryldy-video/