Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халық санағына деп алынған планшеттер кейін қайда жұмсалатыны белгілі болды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Биылғы халық санағын өткізуге 27 мың планшет алынған. Санақ біткен соң планшеттердің қайда жұмсалатыны белгілі болды деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық халық санағы 2021-дің ресми өкілі Олжас Сайлаубекұлы мәлімдеді.

Оның сөзінше, халық санағын жүргізу бойынша 27 мыңнан астам планшет алынған.

Санақ жүрген кезде ол арнайы VPN көзіне қосылады, яғни біз әдетте қосылып жүрген интернетке қосылмайды, деді Ұлттық халық санағы 2021-дің ресми өкілі.

Тұрғындармен сауал жүргізіліп біткен сәтте контейнер бірден жабылып, мәлімет Ұлттық статистика серверінің орталығына келіп түседі.

"Ол жабылған соң, ешкім оны өзгерте алмайды, тіптен сауалнама жүргізген адам да. Ал интернеті жоқ, мүлдем байланысы жоқ елді мекендерде мәліметтер планшетте жинақталады, контейнер жабылған соң оны аша алмайсың. Интервьюер кейін әкімдіктегі мемлекеттік қызметшілердің арнайы торабы арқылы жібереді", - деді Олжас Сайлаубекұлы.

Оның айтуынша, халық санағы біткен соң, планшеттер бірінші кезекте Білім бөлімдеріне берілмек.

"Санақ біткеннен кейін планшеттердің бір бөлігі Статистика комитетінің аудандық департаменттерінің қажеттілігіне беріледі. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қажетіне және Білім басқармалары мен бөлімдеріне, мектептерге, Денсаулық сақтау басқармалары мен ауруханаларға тапсырылады, - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917575-xalyq-sanagyna-dep-alyngan-plansetter-keiin-qaida-zumsalatyny-belgili-boldy/

pixel