Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халықаралық іздеу салынған": Жыныстық сипаттағы зорлық жасады деп күдіктелген 27 жастағы қазақстандық ұсталды

Опубликовано:

Қылмыскер
Көрнекі фото: Mario Tama/Getty Images

Халықаралық іздеу жарияланған 27 қазақстандық ұсталды. Ол жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген. Бұл туралы ҚазАқпарат ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап хабарлайды.

"7 маусымнан бастап өтізіліп жатқан "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 78 қылмыскер ұсталды. Олардың қатарында жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған 27 қазақстандық және ТМД елдерінің 3 адамы бар.

Көші-қон қызметінің мәліметіне сәйкес, "Мигрант" операциясы барысында көші-қон заңнамасын бұзғандарға қатысты 518 сот шешімі қабылданды. Олар ел аумағынан шығарылды", - деді Нұрділдә Ораз.

Сонымен қатар, ол ішкі істер министрінің атына күн сайын азаматтардан полиция қызметкерлеріне алғыс айтқан хаттар келіп түсетіндігін айтты.

Мәселен, Алматы тұрғыны Медеу аудандық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Абзал Шәріповке алаяқты іздестірудегі жедел жұмысы үшін алғыс білдірген.

"Жоғары сапалы орындалған жұмыс үшін алғысымды білдіргім келеді. Абзал өзінің біліктілігі арқылы полицейдің бойында қандай қасиеттері болуы керектігін көрсетті. Өзінің қызметтік міндеттерін орындауға өте жауапты қарайды.

Бір жылдан астам уақыт іздеуде жүрген күдіктіні жедел тауып, жеткізді. Осындай сауатты мамандардың арқасында барлық қылмыскерлер тиісті жазаға тартылуы үшін жұмыста сәттілік тілеймін!", - деп жазған хат авторы Болғанай Кәметова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917583-iim-zynystyq-zorlygy-usin-xalyqaralyq-izdeu-zariyalangan-27-qazaqstandyq-ustaldy/

pixel