Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40 градус ыстық: Синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын хабарлады

Опубликовано:

күн ыстық
Көрнекі фото: luxtopfit.com

Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 15 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді. Елдің оңтүстігінің жекелеген аудандарында шаңды дауыл тұрады.

Ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте 30-35 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың орталығында, шығысы мен оңтүстік-шығысында 25-38 градусқа дейін, оңтүстікте 35-40 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.

Мегаполистердегі ауа райы

15 маусымда Алматыда күн ашық болады, ауа температурасы күндіз +13...+25, кешке +20 градусты көрсетеді.

Ал Нұр-Сұлтанда жауын жаумайды. Күн ашық болып, ауа температурасы +15...+28 градусқа жетеді.

Шымкентте күн ашық, +19...+31 градус ыстық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917621-40-gradus-ystyq-sinoptikter-erten-aua-raiy-qandai-bolatynyn-xabarlady/

pixel