Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында көршісімен жанжалдасып қалған әйелдің қылмысы әшкере болды (фото)

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақмола облысында әйел көршісінің 10 тонна шөбін өртеп жіберді. Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 12 маусымда болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сол күні Целиноград аудандық полиция бөліміне ауылдың 60 жастағы тұрғыны арызданған. Әйел өрт туралы хабарлаған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері арызданушының көршісі мас күйінде жәбірленушінің ауласында тұрған 10 тонна шөпті өртегенін анықтады. 20 жастағы әйел қылмысын мойындады.

Оның сөзінше, екі үй учаскесінің ортасындағы жерге көршісі шөп түсірген соң арада дау-дамай туған. Келісімге келе алмаған соң әйел шөпті өртеп жіберген.

Қазір осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917623-aqmola-oblysynda-korsisimen-zanzaldasyp-qalgan-aieldin-qylmysy-askere-boldy-foto/

pixel