"Мамай өзін өзі тұзаққа түсірді": Байбектің заңгері сот отырысында сөз алды
Жарияланған күні:
Бауыржан Байбектің Жанболат Мамайға қарсы берген талап-арыз бойынша мүддесін білдіретін заңгер Айжан Тәшенова «ұзын құлақ» телеграм-арнасының анонимді материалдарына сілтеме жасай отырып, жауапкер өзін тұзаққа түсірді деп санайды.
«Заңға сәйкес, жауапкерлер сотқа жария айыптауларын жариялаған кезде сүйенген растайтын құжаттар мен дәлелдерді ұсынуы керек. Бірақ олар ештеңе ұсынған жоқ. Мұның себебі қарапайым – ешқандай дәлел жоқ! Себебі жауапкерлердің айтқандарының бәрі –арсыз жалған! Сонымен қатар, Б.Байбек Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның барлық жалған айыптауларын жоққа шығаратын әкімдіктің 20-дан астам қаулысы мен ресми құжаттарды сотқа жолдай отырып, өз құқығын пайдаланды», - деп атап өтті Тәшенова бүгінгі сот отырысы барысында.
Оның айтуынша, 30 сәуірде сотқа шағым түскеннен кейін жауапкерлер 13 түрлі бейне материал шығара алды, онда олар нақты фактілерді келтірместен сөз адастырды. Бұл ретте Мамай мен Иманбаева нақты ештеңе айтпай, Бауыржан Байбек қандай да бір мафиялық-кландық бизнес-империяны құрды деген өзінің сандырақ пікірін дәлелдеуге деген қызу әрекетінде барған сайын жаңа болжамдар келтіруде.
«Басынан бастап «Ұзын құлақ» анонимді телеграмм-арнасының материалдарына тікелей және үзілді-кесілді сілтеме жасай отырып, Мамай өзін тұзаққа түсіргені белгілі болды. Бәлкім оның бұл арна жалған мәліметтерді таратқаны үшін мойнына жауапкершілік алмауы үшін анонимді арна екендігін түсінуге ақылы жетпеген ау. Осы арнаның артында тұрғандар өз қызметінің заңсыздығын түсінеді. Бірақ Мамай да, Иманбаева да мұны түсінер емес. Бірінші сот отырысын тағайындағаннан кейін ғана жауапкерлер адвокаттарын жалдай бастады. Көріп отырғанымыздай, бақандай 3 адвокат. Бірақ Мамай мен Иманбаеваға талап-арызға пікір білдіру сапасына, сотты талап-арыздың мәнінен адастыру әрекеттеріне бұл көмектеспеді, керісінше, оларда ешқандай дәлел жоқ екенін көрсетті», - деді Тәшенова.
Ол өткен отырыста талап-арыздың барлық 7 тармағы бойынша жауапкерлердің көп беттік қосымшасы бар пікірінің егжей-тегжейлі талқыланғанын еске салды. Қаралып жатқан іс тұрғысынан жауапкерлердің пікірінде дәлелдемелерге жатқызуға болатын ештеңе жоқ екені нақты көрсетілді.
«Бұл макулатура интернеттің шашыраңқы материалдарынан, контекстен алынған блогерлердің жарияланымдарына сілтемелерден, долбарлардан мен қауесеттерден тұрады. Осыдан бір ғана қорытынды шығаруға болады: жауапкерлерде олардың жалған мәлімдемелерін растайтын бірде-бір дәлел жоқ! Пікірге қоса берілген материалдар не құжат болып табылмайды, не көп бөлігі талаптардың бірде-бір тармағына ешқандай қатысы жоқ. Сонымен, қосымшаның 1268 беті мүлдем басқа жерде орналасқан «ҚазҰУ» жер учаскесіне қатысты. Жалпы бұл мәселе талап-арызда мүлдем жоқ. Пікірде 7 тармақтың 3-і бойынша ешқандай ақпарат жоқ, яғни жауапкерлер оларды дауламайды. Қалғаны, мен жаңа айтып өткенімдей, жай ғана макулатура», – деді Байбектің өкілі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917624-mamai-ozi-ozin-tuzaqqa-tusirdi-baibektin-zangeri-sot-otyrysynda-soz-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.