RU

СҚО-да 17 жастағы бойжеткенді зорлады деген күдікпен бес жігіт ұсталды

Зорлық11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Петропавлдағы демалыс базаларының бірінде бес жігіт 17 жастағы бойжеткенді зорлады деген күдікке ілінді. Оның үшеуі қамауға алынды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 11 маусым күні полицияға "Березовая роща" демалыс базасының аумағында қызының зорланғанын айтып Петропавл тұрғыны арызданған.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне "Зорлау" және "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" баптары бойынша енгізілді.

17 жастағы бойжеткенге қатысты қылмыс жасады деген күдікпен демалыс базасының аумағында демалған Петропавл қаласының 17 мен 20 жас аралығындағы бес тұрғыны ұсталды.

Үш күдікті уақытша изоляторға қамалса, қалған екеуіне қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау туралы мәселе тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша шешіледі.

Бүгінде сотқа дейінгі тергеу аясында сот сараптамалары тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында әйелді орманға апарып зорлады деген күдікпен екі тұрғын ұсталғанын жазған едік.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәліметіне сәйкес, оқиға Оралда саяжайлардың бірінің маңындағы орманда болған.

Екі күдікті де бұрын ұрлық жасап, кісі тонағаны үшін сотталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917655-sqo-da-17-zastagy-qyzdy-zorlady-degen-kudikpen-bes-zigit-ustaldy/