Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қолына қару ұстаған алматылық көпшіліктің зәресін алды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы қаласында полиция қызметкерлері ер адамнан пистолет пен пышақ тәркіледі деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылым мәліметінше, Ақсай шағынауданының тұрғындарын қолына суық қару ұстаған ер адам шошытқан. Олар бірден "102" телефон номеріне қоңырау шалып, мән жайды түсірдіріпті.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қолға түскен күдіктінің қаруды пневматикалық екенін және қоршаған ортаға қауіпті емес екендігін айтып, ақталғанын мәлімдеді.

Шұғыл-тергеу тобы қару мен пышақты процессуалды тәртіпте тәркіледі.

Қазіргі уақытта олардың қайдан алынғаны тексеріліп жатыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының 62 жастағы тұрғыны ХІХ ғасырдың қаруын полицияға тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917657-qolyna-qaru-ustagan-almatylyq-kopsiliktin-zaresin-aldy/

pixel