Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 тұрғын өз күшімен шығып үлгерген": Өскеменде екі қабатты жатақхана қирады

Опубликовано:

Жатақхана
Кадр: "Хабар" 24

Өскемен қаласында 70 жыл бұрын салынған екі қабатты жатақхана қирады деп хабарлайды "Хабар" 24.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, құтқарушыларға Тынышпаев көшесіндегі 1950 жылы салынған жатақхананың төбе жабындысы құлағаны туралы хабар келіп түскен.

"Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар екі тұрғынды эвакуациялады. Он азамат сол жерден өз күшімен шығып үлгерген. Кинологиялық қызмет өкілдері Алеся лақап атты иттің көмегімен жатақханада зардап шеккендердің бар-жоғын мұқият тексерді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Төбе жабындысының құлаған аумағы шамамен сегіз шаршы метрді құраған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, үйде 50 адам тұрады. Қазіргі уақытта оқиға орнын полиция қызметкерлері қоршап тастады. Сол жерде комиссия мүшелері жұмыс істеуде.

Еске салсақ, бұған дейін Жаңаөзенде дауыл салдарынан ғимараттың шатыры опырылып түскенін жазған едік.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, табиғаттың тосын мінезінен ешкім зардап шекпеген.

Ал Теңге ауылындағы желден №2 емхананың шатыры қираған. Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, мұнда да зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917666-10-turgyn-oz-kusimen-sygyp-ulgergen-oskemende-eki-qabatty-zataqxana-qirady/

pixel