Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Томирис Байсафаның анасы Меджидовтің Қазақстанда сотталғанын қалайды

Опубликовано:

Томирис Байсафа
Томирис Байсафа. Фото: instagram.com/baisafatomiris

Марқұм Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова Муртузали Меджидовтің қазақстандық сотта жауапқа тартылғанын қалайды.

Ол "Студия 7" жобасына сұхбат берді. Сұхбаттан үзінді Instagram желісінде жарияланды. Ахметованың айтуынша, іс шулы болады. Ол Меджидовтің Қазақстанда сотталуына қол жеткізуге ниетті

"Мен прецедент жасаймын, оны Қазақстанда соттаймын. Біз оны мұнда әкелмесек те, айыптай аламыз. Біз қазір адвокаттармен осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.

Жанна Ахметованың айтуынша, Ресейде осындай прецеденттер бар.

"Оларда журналистің өзге елде адамдарды атып өлтіруіне қатысты үлкен іс бар және олар күдіктіні өз елінде соттады", - дейді ол.

Томирис Меджидовті Қазақстанда еліміздің заңнамасына сәйкес соттау үшін прецедент қажет деп санайды.

"Тіпті тұлғаның өзі осында болмаса да, мен мұны жасай аламын", - дейді ол.

Сұхбат барысында Ахметова "Меджидовтер отбасынан қандайда да бір қаражат алдыңыз ба"деген сауалға жауап берді. Тілшінің айтуынша, желіде мұндай сыбыстың дәлелі болуы мүмкін чектердің суреті таралған. Жанна бұл сыбыстарды жоққа шығарды.

"Мен үшін репутациядан қымбат ештеңе жоқ. Біріншіден, мен ақшаны не үшін алуым керек? Адамға жасалған қылмысты жасыру мүмкін емес", - дейді ол.

Ол чектерге қатысты тексеру жүргізгенін және банкте чектердің оған қатысы жоқтығы расталғанын алға тартты. Ол бұл чектерге тіпті мөр басылмағанына назар аударды.

Одан бөлек, Жанна бұрынғы күйеуіне Меджидовтің адвокаты хабарласып, сотта оған қарсы сөз сөйлеуді сұрағанын айтуда.

"Бізде скриндер, әңгімелесудің аудиожазбасы бар. Ол, әрине, "жігіттер, ақыл-естеріңіз дұрыс па?" деп жауап берді", - дейді Жанна.

Еске салсақ, 2018 жылдың 3 мамырында Мәскеуде университет ғимаратынан құлаған қазақстандық студент Томирис Байсафа қайтыс болған еді.

Ресей тарапы аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Сонымен қатар, тергеу органдары марқұмның өзіне қол салуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырды. Алайда Томирис Байсафаның анасы өмірге құштар қызының өзін өлтіруі мүмкін емес екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ, қазақстандық арудың өліміне қатысты істе Дағыстанның бұрынғы премьерінің ұлының есімі де аталған еді. Олардың жақын қарым-қатынаста болғаны да айтылды. Кейін одан жауап алынғаны да хабарланды.

Ал 2020 жылдың 28 шілдесінде Муртузали Меджидовтің ұсталғаны белгілі болды. Ресейдің тергеу комитеті оған қатысты 105-бап бойынша ("Кісі өлтіру") қылмыстық іс қозғады. Кейін ол қамауға алынды.

Жақында Томирис Байсафаның өліміне күдікті деп танылған Муртузали Меджидовтің ақталып шыққаны белгілі болды. Көп ұзамай, Томирис Байсафаның анасы сотта заңбұзушылықтар орын алғанын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917672-tomiris-baisafanyn-anasy-medzidovtin-qazaqstanda-sottalganyn-qalaidy/

pixel