Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да жоғалып кеткен 16 жастағы қыз табылды

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жоғалып кеткен 16 жастағы табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері интернет-ресурстарына мониторинг жүргізу барысында кәмелет жасқа толмаған қыздың жоғалып кеткендігі жайлы ақпаратты байқаған.

Үйінен шығып кеткен жасөспірім сол күйі қайтып оралмаған екен. Ал ата-анасы полицияға хабарласпай, қызына әлеуметтік желі арқылы іздеу салыпты.

"Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы аттанып, барлық полицейлер жоғалған қызды іздеуге кірісті. Жасөспірімнің баруы мүмкін жерлері, ауданға жақын орналасқан елдімекендер түгел тексерілді. Бір тәулік ішінде қыз аман-есен табылды. Белгілі болғандай, ол достарымен бірге жүрген", - деп хабарлады ведомство өкілдері. 16 жастағы қыздың денсаулығына ешқандай зиян келмеген.

Бүгінде жасөспірім ата-анасына қайтарылған.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған сегіз жасар қыздың денесі бес күннен кейін Есіл өзенінен табылғанын жазған едік. Қыздың мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Жалпы жыл басынан бер Солтүстік Қазақстан облысында жеті адам суға кетті, оның үшеуі – бала. Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917694-sqo-da-zogalyp-ketken-16-zastagy-qyz-tabyldy/

pixel