RU

Министр Мырзағалиев Қазақстанның ең қатты ластанған 10 қаласын атады

Алматы
Алматыдағы тұман. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев үкімет отырысында аймақтардағы экологиялық мәселелер туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мырзағалиевтің хабарлауынша, осы сағатқа дейін аймақтардың негізгі экологиялық проблемалары: атмосфералық ауа мен жер үсті суларының ластануы және қалдықтарды пайдаланудың жетілмеген жүйесі.

"2020 жылдың соңындағы атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес 45 өнеркәсіптік қалалар мен мегаполистердің ішінен 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. Бұл - Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары. Ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі 2,5 млн тоннаны құрады", - деп хабарлады министр.

Мырзағалиев жерүсті суларының ластануының негізгі себептерінің бірі – ескірген кәрізтазарту нысандары екенін айтты. Былтыр республика бойынша ластаушы заттар төгінділерінің жалпы көлемі 1,1 миллион тоннаны құраған.

Сонымен бірге ол өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу проблемасы да шешілмей тұрғанын айта кетті. Атап айтқанда қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келмеуі, оларды өңдеу деңгейінің төмендігі және апатты үйінділер бар.

Еске сала кетсек, 14 маусм күні Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ брифинг өткізіп, қазақстандықтарға Көбейтұз көліне бармауға кеңес берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917712-ministr-magzum-myrzagaliev-qazaqstannyn-en-qatty-lastangan-10-qalasyn-atady/