RU

Мейрам Пішембаев президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Пішембаев
Фото: smkz.kz

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды ҚМЖО сайты.

Пішембаев Мейрам Құдайбергенұлы 1959 жылы 29 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының академигі.

2004 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Мейрам Пішембаев Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы болып табылады.

2013 жылдан бастап “Атамекен” ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Машина жасау және металл өңдеу комитетінің төрағасы.

2007-2021 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің IV, V, VI шақырылымдарының депутаты болды.

“Достық”, “Құрмет”, “Парасат” ордендермен,  “Құрметті машина жасаушы” төс белгісімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917720-meiram-pisembaev-prezidenttin-stattan-tys-kenessisi-bolyp-tagaiyndaldy/