Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда пәтер ұрылары қылмыс үстінде ұсталды

Опубликовано:

Ұрылар
Фото: polisia.kz

Алматыда пәтер ұрылары қылмыс үстінде ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

“Таугүл” шағынауданында 26-дан 31 жасқа дейінгі үш күдікті есік кілтін таңдау арқылы бөтеннің пәтеріне кіріп, жасырын түрде алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Алайда полиция қаскөйлерге қылмыстық жоспарды соңына дейін орындауға мүмкіндік бермеді.

"Біздің бөлімнің қызметкерлерімен жедел іс-шара жүргізілді. Күдіктілерді ұстау арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен жүзеге асырылды. “Ұрыларды” тексеру және жеке тінту кезінде қылмыс құралдары: болт кескіш, бұрағыштар, есіктің құлпын ашуға қажетті әртүрлі шебер кілттер, сейф табылды және тәркіленді.

Сонымен қатар, күдіктілерден пәтер иесінің алтын бұйымдары табылды. Қазіргі уақытта тұрғын үйге заңсыз кірген қаскөйлер Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілерге қатысты 188-баптың 3-бөлімінде көзделген іс-әрекеттер – ірі көлемде жасалған ұрлық дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", – деді Алматы қалалық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының басшысы Қуатбек Науатов.

Айта кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында 17 жастағы бойжеткен зейнеткердің 20 мың теңгесін қолды қылғанын жазған едік. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917755-almatyda-pater-urylary-qylmys-ustinde-ustaldy/

pixel