RU

Байбек сотта жеңіске жетті

сот
Көрнекі фото: jasqazaq.kz

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотында Б.Байбектің Ж.Мамай мен И Иманбаеваға қарсы берген талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Байбек ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін айыптауларды шындыққа сәйкес келмейді деп тануды сұрады.

Сот жауапкерлердің талапкер Б.Байбек туралы оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер таратты деп таныды және шешім заңды күшіне енгеннен кейін 10 күн ішінде жауапкерлерді жарияланған материалдарды жоққа шығаруға және жоюға міндеттеді.

Жауапкерлер 2021 жылдың сәуір айында YouTube видеохостингінің «Демократиялық Қазақстан/Демократический Казахстан» арнасында 4 бейнежазба жариялады. 2021 жылғы 10 сәуірдегі видеолардың көшірмелері сондай-ақ, жауапкерлердің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшаларына да орналастырылды.

Талапкер талап арызында жауапкерлер видеода оның жеке басына қарсы бағытталған, ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін айыптаулар, жалған ақпарат таратқанын атап өтті. Көрсетілген бейнелер мазмұндалған мәліметтерге және оларды ұсыну түріне қарағанда тікелей талап қоюшының теріс имиджін жасауға бағытталған. Азаматтық кодекстің 143-бабына және Нормативтік қаулыға сәйкес, таратылған мәліметтердің шындыққа сәйкес келетінін дәлелдеу міндеті жауапкерге жүктеледі.

Талапкер қарсы талап арыз жазған адамның өзін қаралаған мәліметтерді тарату фактісін ғана дәлелдеуге міндетті. Бұл ретте ол өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіндігінің дәлелдемелерін де ұсынуға құқылы. Сот аталған сайттарға жоғарыдағы жазбалардың жарияланғанын анықтады және оны жауапкерлер жоққа шығармады.

Сонымен қатар, Ж.Мамай мен И. Иманбаева әлеуметтік желілерде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкес келетінін дәлелдеген жоқ. Өз ұстанымын дәлелдеу үшін талаптың бірқатар тармақтары бойынша тек әлеуметтік желілердегі мен БАҚ-тағы жазбаларға сілтемелерді ғана берілді. Олар талап арыздың біраз тармақтарына қатысты мүлдем уәж айта аламады. Айта кету керек, бұл жердегі барлық ақпарат көзі – тек қауесет пен долбарға негізделген тексерілмеген ақпараттар жарияланатын телеграмм арна.

Сот жауапкерлердің таратқан барлық ақпаратты ешқандай дәлелмен расталмаған негізсіз және жалаң ойдан шығарылған деген қорытындыға келді. Көрсетілген бейнематериалдардың психологиялық-филологиялық сараптамасының нәтижесіне сәйкес «контексте қолданылған сөздер мен тіркестер талапкердің жеке басына жалпылама теріс баға беруді білдіреді, бұл мұндағы сөздердің ар-намысты қорлау мен жеке басының қадір-қасиетін төмендетуге бағытталғандығын көрсетеді.

Ұсынылған бейнежазбалардың мазмұнында Б:Қ.Байбектің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін сөздер бар. Ұсынылған бейнежазбалардың жалпы бағыттылығы Б:Қ:Байбектің теріс қызметі туралы аудиторияны хабардар ету, сондай-ақ, оның жеке басы мен қызметі туралы теріс пікір қалыптастыру ретінде айқындалады. Бағалап және кесімді сөйлеу түрде сипатталатын жағымсыз ақпарат коммуникативті қарым-қатынасата ар-намысты қорлауға және адамның қадір-қасиетін барынша төмендетуге бағытталған».

Осылайша, талап қоюшының жауапкерлер таратқан ақпарат оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретіні туралы дәлелдері сараптамалық қорытындылармен расталады. Жауапкерлердің жеке парақшаларындағы жарияланымдары, сондай-ақ YouTube, Facebook әлеуметтік желілеріндегі сөйлеген сөздері көпшілікке қол жетімді, олар кеңінен талқыланып, барлығына ашық және жарияланыммен бірге басқа да пайдаланушылармен таратылуда. Талапкердің жұмыс бабы қоғамдық қызметпен тікелей байланысты, сәйкесінше мұндай ақпаратты жариялау оның имиджді мен беделіне айтарлықтай нұқсан келтіреді. Талапкерді қылмыс жасады деп айыптаған жалған ақпарат таратқан жауапкерлер талапкерге тиесілі мүліктік емес құқықтарды бұзды деп түсіндірді сотта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917763-baibek-sotta-zeniske-zetti/