Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде күштік құрылымдар жүргізген арнайы операция видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Арнайы операция
Видеодан кадр: instagram.com/oskemenlive

Әлеуметтік желіде Өскеменде түсірілген видео пайда болды. Күштік құрылымдар жүргізген арнайы операция камераға түсіп қалған. Бұл жайтқа қатысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Түнде Жібек маталар комбинаты маңында әлдекімді ұстады", - делінген видеоның жазбасында.

Желі қолданушылар жағдайға қатысты алаңдаушылық білдірді. Олар соңғы кездері Өскеменде әртүрлі оқиғалар жиі болатынын айтқан.

"Бір түннің ішінде қаншама жаңалық. Біз 90 жылдарға айналып кеткен секілдіміз. Бір жерде төбелес, бір жерде ұстау. Мен далаға баламен шығуға қорқамын", "Соңғы кездері қалада мұндай оқиғалар жиі болып жүр", - деп жазды қала тұрғындары.

Осы ретте Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 293-бабына (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында тиісті тергеу шараларын жүргізген. Тергеу мүддесіне сәйкес полиция басқа мәлімет беруден бас тартты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Өскеменде ұрылар банктен шыққан азаматтың 720 мың теңгесін ұрлап кеткенін жазған едік.

39 және 55 жастағы күдіктілер банктен сөмкемен шыққан ер адамды базарға дейін аңдып, оны сол жерде тонап кеткен.

Күдіктілер ұрланған ақшаны алып, Павлодар облысы арқылы елордаға жолға шыққан. Тәртіп сақшылары ер адамдарды жолда қолға түсірген. Олардың Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені және бұрын сотты болғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917772-oskemende-kustik-qurylymdar-zurgizgen-arnaiy-operaciya-videoga-tusip-qaldy/

pixel