Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында көлігімен төрт оқушыны қаққан жүргізушіге сот үкімі шықты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысында 2 наурыз күні мас күйде "УАЗ" көлігімен төрт оқушыны қағып кеткен жүргізушіге сот үкімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сот процесі №2 Еңбекшіқазақ аудандық сотында судья Айнұр Балтақайдың төрағалығымен өткен.

Айыпталушы Әсет Демесіновтің кінәсі дәлелденген. Сот үкімімен ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, қайғылы жайт 2 наурыз күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында болған еді. 54 жастағы жүргізуші 8-9 жастағы 4 оқушыны қағып кеткен болатын.

Жол апатының салдарынан 3 қыз бала зардап шегіп, кейін олардың екеуі көз жұмды.

Ал, жүргізушінің сол кезде көлікке мас күйінде (орташа дәрежеде) отырғаны анықталды.

Сондай-ақ, 28 сәуір күні тергеу процесі аяқталып, Алматы облысының прокуратурасы істі қарау үшін сотқа жолдағанын жазған едік.

Айта кетсек, бұл жайт мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты да бей-жай қалдырмады. Президент көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді.

"Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды", - деген еді оның баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Сонымен бірге, зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетілетіні хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917806-almaty-oblysynda-koligimen-tort-oqusyny-qaqqan-zurgizusigne-qatysty-sot-ukimi-syqty/

pixel