Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі автобус соқтығысып, аяғы ауыр әйел зардап шекті

Опубликовано:

Автобус
Фото: Sputnik / Стрингер

Бүгін, 15 маусым күні Алматыда екі қоғамдық көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан аяғы ауыр келіншек зардап шеккен.

Sputnik Қазақстанның жазуынша, жол апаты Төле би көшесінде болған.

Куәгерлердің сөзінше, №126 және №16 жолаушылар автобусы соқтығысқан. Олар Сайран көлінің маңында Төле би көшесімен шығысқа қарай жүріп бара жатқан. Қоғамдық көліктердің алдында тағы бір автобус келе жатқан, бір мезетте оның жүргізушісі аяқ астынан тежегішті басқан.

Осы сәтте оның артында келе жатқан №16 қоғамдық көліктің жүргізушісі тоқтап үлгерген. Алайда, №126 автобус жүргізушісі тежегішті басып үлгере алмай қалып, №16 автобусқа соғылған.

Жол апаты салдарынан №126 автобустағы аяғы ауыр жолаушы зардап шеккен. Келіншек ауруханаға жеткізілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы Майлин мен Бұқтырма көшелерінің қиылысында жол апаты болып, Мazda көлігі сайға құлап кеткенін жазған едік.

Салдарынан осы көліктің үш жолаушысы зардап шеккен. Оның екеуі бала, тағы біреу аяғы ауыр келіншек.

Сонымен бірге, Қостанайда 14 маусым көлік жүргізушісі бесік арбадағы сәбиімен келе жатқан келіншекті қағып кеткені белгілі болды.

Оқиға орнына тез арада жедел жәрдем көлігі келіп, 43 жастағы келіншек ауруханаға жеткізілген. 8 айлық сәби де дене жарақатын алған.

"Жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігіне (абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді өңірлік полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917813-almatyda-eki-avtobus-soqtygysyp-ayagy-auyr-aiel-zardap-sekti/

pixel