COVID-19: Еліміздегі облыстардың бірінде карантин шектеулері жеңілдеді
Жарияланған күні:
"Сары" аймаққа өткен Қарағанды облысында карантин шектеулері жеңілдеді. Жаңа қаулыға сәйкес әлеуметтік-экономикалық нысандар 16 маусым сағат 00.00 бастап "сары" аймақ режимі бойынша жұмыс істейді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16 маусымнан бастап Қарағанды облысында төменде көрсетілген нысандарда (қызметін "Ashyq" қосымшасынсыз жүзеге асыратындар) бұрынырақ тыйым салынған қызмет түрлері қайта жанданады:
- балаларды сауықтыру лагерлері, толымдылығы 50%-дан аспаған жағдайда;
- мәдениет объектілерінде дайындық (репетициялар) 30 адамға дейін;
- театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар толымдылығы 20%-дан аспаған кезде жұмыс істейді;
- спорттық іс-шаралар толымдылығы 15% көп емес болған жағдайда рұқсат етіледі.
Одан бөлек, бірқатар шектеулер алынып тасталды:
- мектепке дейінгі ұйымдардың кезекші топтарының жиынтығы 15-тен 25 адамға дейін ұлғайтылды;
- спорттық іс-шараларды толымдылығы 15% көп емес болған жағдайда өткізуге рұқсат етілген; - халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отель, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) толтырылуы 80%-дан 100%-ға дейін ұлғайды;
- екінші деңгейлі банктердің, "Қазпошта" АҚ мен ХҚКО бөлімшелерінің жұмыс істеу уақыты бойынша шектеу алынып тасталды.
- қоғамдық тамақтану объектілерінде (үй-жайда) мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша толымдылығы 50%-ға дейін артты, бірақ 50 орыннан артық емес, жазғы алаңдарға сағ. 24-00 дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді (бұрын сағ.20 сағ. дейін болды).
Сенбі және жексенбі күндері:
- СҮ, сауда желілері, СОО,
- ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендерден (жеке тұрған),
- СПА-орталықтар мен бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда жұмыс істеуге салынған тыйым алынып тасталды.
Сауналар қызметін тек жексенбі күндері тоқтатады (бұған дейін тыйым сенбі күндері де болған);
Мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға, меншік нысанына қарамастан, ұлттық кампанияларға және Қарағанды облысының кәсіпкерлік субъектілерінің басқа да кеңселеріне қашықтан жұмыс істеу форматындағы қызметкерлер саны 80%-дан 50%-ға дейін азайтылды.
Қаулы 16 маусым күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917833-covid-19-elimizdegi-oblystardyn-birinde-karantin-sekteuleri-zenildedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.