Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір қазақстандық вакцина клиникалық сынақтан өте бастады

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

15 маусым күні коронавирусқа қарсы қазақстандық жаңа QazCoVac-P суббірлікті вакцинасының клиникалық сынағы басталды. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ресми сайтында жазды.

Сынақтарды өткізуге 18 бен 50 жас аралығындағы еріктілер атсалысатын болады. Зерттеулер Тараз қаласындағы көпбейінді қалалық ауруханада жүргізіле бастады. Зерттеу институтының мәліметіне сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі QazCoVac-P суббірлікті вакцинасының I және II фазасына клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат берген.

Екінші отандық вакцина SARS-CoV-2 коронавирусының жасанды синтезделген ақуыздары негізінде жасалған. Зерттеу институты оның Денсаулық сақтау министрлігінің мамандандырылған кәсіпорнында клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өтіп, өз қауіпсіздігін көрсеткенін алға тартып отыр.

Вакцинаны жасаушылар молекулалық биологияның заманауи технологияларын пайдалана отырып, коронавирустың RBD және N ақуыздары шығаратын иммундық жүйеге таныс бактерия штамдарын алған.

Қауіпсіздік мақсатында бұл ақуыздар тазартылып, мұқият тексерілген екен. Вакцина құрамында бактериялық штамм болғанымен, вирустың өзі жоқ.

Жануарларға жүргізілген сынақтар жаңа вакцинаның екінші дозасы бұлшықетке енгізілгеннен кейін 14-ші күні ағзадағы иммунитетті ынталандыратынын көрсеткен.

"Суббірлікті вакциналар да инактивті вакцина сияқты, құрамында тірі патогенді компонент жоқ және қауіпсіз. Сәтті клиникалық зерттеулер ел тұрғындарында коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитеттің қалыптасуын жеделдетуге мүмкіндік береді", - деп жазылған сайтта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917836-tagy-bir-qazaqstandyq-vakcina-klinikalyq-synaqtan-ote-bastady/

pixel