Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неліктен баланы үй жағдайында сүндетке отырғызуға болмайды: Дәрігер жауабы

Опубликовано:

Бала
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ата-аналар ұлдарын көбіне жазғы уақытта сүндетке отырғызатыны белгілі. Осы орайда павлодарлық хирург сүндетке отырғызу рәсімін үйде өткізбеуге кеңес берді деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық балалар ауруханасының бірінші санатты хирург-дәрігері Мұхит Ақшолақов сүндетке отырғызуды тек тәжірибелі маман жасауы керек екенін айтуда.

"Әдетте, бұл процедура ұлдарға 3, 5, 7 жаста жасалады. Ешбір жағдайда сүндеттеу үйде жасалмайды. Бұл операция болып табылады әрі анестезиямен жасалады. Себебі, анафилактикалық шок кезінде үйде ешкім көмектесе алмайды", - дейді дәрігер.

Ақшолақовтың айтуынша, мұндай ота 15 минутқа созылады, қалпына келтіру кезеңі шамамен екі аптаға созылады.

Хирург бүгінде көптеген павлодарлықтар діні мен ұлтына қарамастан, бұл процедураны ұлдарына гигиеналық тазалық тұрғысынан жасатқызатынын жасырмады.

Айта кетейік, ұл баланы сүндетке отырғызар алдында әрбір ата-ана баласын алдын ала психологиялық тұрғыдан дайындауы тиіс.

Әдетте отағасы ұл баласы бес жасқа толысымен сүндетке отырғызуды өзінің міндеті санайды. Бала туғанда жасалатын "шілдехана", "бесік тойдан" кейінгі үлкен той осы – "сүндет той". Ауқатты адамдар ондайда ат шаптырып, балуан күрестіріп, үлкен думан жасаған.

Еске салсақ, бұған дейін жасөспірімдерге неше сағат жұмыс істеуге болатыны туралы жазған едік. Еліміздің полицейлері рейд барысында жұмыс істейтін жасөспірімдермен кездесіп, олардың заңды құқықтары жайында ақпарат берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917838-nelikten-balany-ui-zagdaiynda-sundetke-otyrgyzuga-bolmaidy-dariger-zauaby/

pixel